Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер оқушыларға нашақорлықтың зияны туралы лекция өткізді

Талдықорғанда полицейлер оқушыларға нашақорлықтың зияны туралы лекция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы №11 орта мектепте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқушыларға нашақорлықтың зияны және интернеттегі жасырын қауіптер туралы профилактикалық лекция өткізді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына белгілі бір құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.

Өскелең ұрпаққа тәуелділіктің зиянды салдарын көрсететін бейнеролик ұсынылып, қылмыстық топтардың жастарды заңсыз әрекеттерге тарту тәсілдері түсіндірілді. Полиция қызметкерлері цифрлық қауіпсіздікке ерекше тоқталып, интернеттегі түрлі тұзақтарды танудың маңызын атап өтті.

Шара соңында полицейлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мұндай профилактикалық кездесулердің Жетісу облысы оқу орындарында жалғасатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру