Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер оқушыларға профилактикалық кездесу өткізді

Талдықорғанда полицейлер оқушыларға профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғандағы №22 орта мектепте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңестің және дәрігер-наркологтың қатысуымен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздікке саналы көзқарасын қалыптастыру және жасөспірімдердің заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алу.

Кездесу барысында оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығы мен тағдырына тікелей әсер ететін әрекеттермен сондай-ақ интернет кеңістігінде жастарды күтіп тұрған жасырын қауіптер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар ешқандай сылтау өзі заң алдында жауапкершіліктен босатпайтыны ерекше атап өтілді. Көрнекілік мақсатында оқушыларға нашақорлықтың қайғылы салдарын ашып көрсететін тақырыптық бейнеролик ұсынылды.

Полиция қызметкерлері қылмыстық топтардың жасөспірімдерді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қалай арбайтынын айтып, цифрлық сауаттылықтың және интернет-қауіптерді дер кезінде тани білудің маңызын түсіндірді.

Кездесу "ашық микрофон" форматында өтті. Оқушылар еркін түрде сұрақ қойып, мамандардан нақты әрі шынайы жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру