Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сабақ өтті

Талдықорғанда полицейлер оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сабақ өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы №10 мектепте құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен танымдық бағыттағы дәріс өткізілді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа құқықтық сауаттылықты насихаттау, ата-аналармен және мектеп ұжымымен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу болды.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары қолданыстағы заң талаптары жайында кеңінен мәлімет беріп, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылу жағдайларын түсіндірді. Балалардың саналы тәрбиесі, мектепте және одан тыс ортада агрессия мен буллингке жол бермеу, сондай-ақ өзгеге құрмет көрсету – басты тақырыптардың бірі болды.

Ата-аналарға өз балаларының тәртібі мен қауіпсіздігі үшін заң жүзінде жауапты екені ескертілді. Сонымен қатар отбасындағы сенімге негізделген ашық қарым-қатынас пен тәрбиелік диалогтың маңыздылығы атап өтілді.

Оқушылар да бұл кездесуге белсенді қатысып, көкейіндегі сұрақтарын қойып, әділдік, тәртіп пен ізгілік жайлы пікір алмасты. Олар құқық пен жауапкершілік жөнінде маңызды ой түйді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта өз жалғасын тауып, қала мектептерін кеңінен қамтитын жүйелі кездесулерге ұласатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру