Талдықорғанда полицейлер үй тонаған күдіктіні ұстады
Талдықорғанда полицейлер үй тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарақшы үйдің кіре берісіне терезеден кіріп, үй иесіне шабуыл жасаған.
– Жедел-тергеу жолымен 37 жастағы ер адам ұсталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайлары анықталуда. Тергеу оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – дейді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.
Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындарды мүліктің сақталуына шара қолдануға шақырады. Мүмкіндігінше, тұрғын үйлердің терезелеріне темір торлар орнатып, есіктерді сенімді құлыптармен нығайтып, үйлерді күзет дабылымен жабдықтаған жөн. Егер сіз қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.