Талдықорғанда полиция шұғыл қызмет көліктердің жүргізушілеріне үндеу жасады
Талдықорғанда полиция шұғыл қызмет көліктердің жүргізушілеріне үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері арнайы көлік құралдарын басқаратын жедел медициналық жәрдем мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізушілерімен профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Кездесу барысында полицейлер қызметтік міндеттерді орындау кезінде де жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Сондай-ақ, қозғалыстың басқа қатысушыларының жол беріп тұрғанына алдын ала көз жеткізу, дыбыстық дабыл мен жарық белгілерін тек шұғыл жағдайларда ғана пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды.
Құқық қорғау органдары өкілдері арнайы көліктің басымдығы жолдағы қауіпсіздік үшін жауапкершілікті жоймайтынын атап өтті. Негізгі мақсат — жол-көлік оқиғасына жол бермеу және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу. Себебі кез келген ойланбай жасалған әрекет қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері қарапайым жүргізушілерге де үндеу жасап, шұғыл қызмет көліктеріне жол беру — олардың тікелей міндеті екенін еске салды. Мұндай сәттерде санаулы минуттардың өзі адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей,
азаматтардың қауіпсіздігі мен заңды қатаң сақтау — барша үшін сөзсіз басымдық болуы тиіс.
Аталған профилактикалық іс-шаралар жолдағы өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға және тәртіп пен жауапкершіліктің сақталған өмірдің кепілі екенін еске салуға бағытталған.
