Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полиция жасөспірімдерге профилактикалық дәріс өткізді

Талдықорғанда полиция жасөспірімдерге профилактикалық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғандағы №10 орта мектепте Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ұйымдастырған профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара жасөспірімдердің заңсыз есірткі айналымына тартылуының алдын алуға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға есірткінің адам денсаулығы мен тағдырына тигізетін зиянды әсері туралы түсінікті тілмен айтып, интернеттегі "жеңіл табыс" ұсыныстарының астарында қандай қауіптер жатқанын түсіндірді. Әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдерді тарту тәсілдеріне және есірткі қылмыстарына қатысудың құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.

Саналы таңдау жасаудың маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Мемлекетіміздің болашағы – білімді әрі жауапты жастардың қолында" деген сөзін еске салды.

Іс-шара тақырыптық бейнеролик көрсетілімімен және "ашық микрофон" форматындағы диалогпен қорытындыланды. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру