Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полиция зорлық-зомбылыққа қарсы құқықтық қолдау көрсетуде

Талдықорғанда полиция зорлық-зомбылыққа қарсы құқықтық қолдау көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкері Арайлым Сейсебек — Талдықорған қалалық полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйелдерді қорғау бөлімінің инспекторы.

Инспектордың қызметі әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол азаматтардың өтініштерін қабылдап, профилактикалық жұмыстар жүргізеді, құқықтық қорғау шараларын түсіндіреді және қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға тиісті көмек көрсетеді.

Қайталанатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жұмыс әлеуметтік және медициналық мекемелермен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. Бұл кешенді тәсіл нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Инспектор қызметінің басты мақсаты — әйелдердің өздерін қорғалған сезінуі және әрбір азаматтың заң аясында көмек ала алатынына сенім қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру