Талдықорғанда Республика күніне орай "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары ант қабылдады
Талдықорғанда Республика күні қарсаңында "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғандағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде салтанатты шара өтті. "Жас сақшы" сыныбының 24 оқушысы ант қабылдап, құқық қорғау жүйесіне алғашқы қадам жасады.

Осы күннен бастап олар – тәртіп пен заңдылықтың, абырой мен адалдықтың болашақ сақшылары. Салтанатты рәсім патриоттық рух пен мақтаныш сезіміне толы жағдайда өтті. Жас сақшылар – біздің болашағымыз, олар жасөспірім кезінен бастап тәртіп пен заңды құрметтеуді, азаматтық жауапкершілікті үйренуде.
"Жас сақшы" сыныбында алған білімдері мен тәжірибесі олардың өмірлік жолында мықты негіз болмақ. Жас сақшылардың жолы жарық, Отанына деген адалдықтары мәңгілік болсын!
