Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды

Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласының көшелерінің бірінде патрульдеу барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 26 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде ер адамның сырт киімінің қалтасынан қызыл және көк түсті изолентамен оралған, ішінде ерекше иісі бар ақ түсті заты бар 66 орамадан тұратын полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі құралы — мефедрон болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары мен іске қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы, оның ішінде сақтау және тарату — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Интернет пен мессенджерлер арқылы жеңіл табыс табуға ұмтылу көбіне ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырумен аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру