Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда студенттермен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өтті

Талдықорғанда студенттермен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп, Талдықорған қаласының колледж студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараға блогер @optimist.hafiz, облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы, сондай-ақ бұрын есірткі құралдарын таратқаны үшін сотталған азаматтың бейне үндеуі көрсетілді.

Диалог алаңы "Ашық микрофон" форматында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты — жастар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, студенттерде есірткіні қолдану мен таратуға тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан жан-жақты әрі ашық жауаптар алды. Заңнама нормаларын түсіндіруге ерекше көңіл бөлініп, студенттерге есірткі құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгені ескертілді.

Есірткі құқықб ұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері өз сөздерінде жастарды салауатты өмір салтын таңдауға, зиянды әдеттерден бас тартуға және заң бұзуға жетелейтін азғыруларға ермеуге шақырды. Кездесудің әсерлі әрі тәрбиелік сәті — заңсыз есірткі айналымына араласудың салдары туралы жеке тәжірибесімен бөліскен азаматтың үндеуі болды.

— Мен есірткінің кесірінен өмірімнің бірнеше жылын жоғалттым, жақындарымның сенімінен айырылдым және өзімді ақтауға ұзақ уақыт кететін де мойындаймын. Ешқандай “жеңіл ақша” тағдырыңнан артық емес. Сіздерден қатты өтінерім — менің қателігімді қайталамаңыздар, — деді ол.

Профилактикалық іс-шараға Талдықорған қаласының колледждерінен 397 студент қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру