Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда тонау дерегі «ізі суымай» ашылды

Күдікті қымбат ұялы телефонды ашық түрде қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусымда Талдықорған қаласы ПБ Шығыс қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, түнгі сағат 03.00 шамасында Құрманов және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінің жанынан белгісіз адамның құны 400 000 теңге тұратын ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі «Тонау» бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен жедел уәкілдер үш сағат ішінде күдікті – облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрланған телефон заттай дәлел ретінде танылғаннан кейін заңды иесіне қайтарылды. Жігіт полицейлерге кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғысын білдірді. Күдіктінің 2015 жылы қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылғандығы анықталды. Ұсталған адам қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру