Талдықорғанда тұрақ ережесін бұзған 6 мыңға жуық жүргізуші жазаланды
Талдықорғанда тұрақ ережесін бұзған 6 мыңға жуық жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған полициясының қызметкерлері автокөліктерді тұраққа қою ережелерін бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-қимылдарды жандандырды.
– Бүгінгі күні көлік құралдарын жол бойында қоятын және көлік құралдарын тоқтату мен тұрақтауға тыйым салынған басқа да жерлерде қоятын жүргізушілер жол жағдайын едәуір қиындатады. Бұл мәселе әлеуметтік желілерде де қайта-қайта көтеріліп жатыр. Қала тұрғындары бұл мәселені түбегейлі шешуді талап етеді. Бірақ бұл жүргізушілердің де тәртібіне байланысты, олардың көпшілігі біздің қаламызда тұрады, – деп атап өтті патрульдік полиция ротасының командирі Руслан Примжанов.
Биыл көліктерін дұрыс қоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 5961 жүргізуші тартылды, оларға жалпы сомасы 91 млн теңгеден астам айыппұл санкциялары салынды.