Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған акция өтті

Талдықорғанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының орталығында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Оны полиция қызметкерлері "Лидер.kz" волонтерлік орталығы және "Талдықорған жастары" бірлестігімен бірлесе өткізді.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында азаматтарды қорғау шаралары туралы ақпарат беру. Кездесу барысында полицейлер тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратып, тұрмыстық жанжалдар кезінде әрекет ету тәртібін түсіндірді және көмекке жүгінудің нақты жолдарын көрсетті.

Жастар ұйымдарының белсенділері мен волонтерлер де тұрғындармен ашық әңгімелесіп, зорлық-зомбылықтың жеке адамға, отбасыға және тұтастай қоғамға тигізер теріс әсерлерін атап өтті. 📌

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай түсіндіру акциялары алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отырады. Негізгі ұстаным – "Заң және тәртіп" қағидатын нығайту, әр отбасының қорғалуын және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру