Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда үш әйелге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

Талдықорғанда үш әйелге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш алматылық келіншек 16 желтоқсан күні Талдықорған ҚПБ қарақшылық шабуыл жасады деген арызбен жүгінді. Қыздардың қолма-қол ақшасы мен телефондары ұрланған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,7 млн теңгені құрайды. Жас әйелдер қалада массаж салонын ашуды жоспарлаған, оған шағын аудандардың бірінде тұрғын үй жалдағаны белгілі болды.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері шабуыл жасаған үш ер адамды ұстады. Олардың бірі жергілікті тұрғын, қалған екеуі Алматы қаласынан келгендігі анықталды. Үш күдікті бұрын сонды ұрлық істегені үшін сотталған. Жоғарыда аталған үш ер адамның қылмыс жасауына себепкер болған және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған араңдатушы рөлін атқарған әйел де ұсталды, – деп хабарлады Талдықорған ҚПБ тергеушісі Ұлан Қаптағаев.

Іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соттың санкциясымен үш күдікті қамаққа алынды. Ал қылмысқа себепкер болған әйелге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру