Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда заңсыз автотұраққа қарсы шаралар жүргізілуде

Талдықорғанда заңсыз автотұраққа қарсы шаралар жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері жүргізушілердің жолдағы мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда. Құқық қорғау органдарына азаматтардан жиі түсетін шағымдардың бірі – көліктердің тұрақ ережесін сақтамауы.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында тәртіп сақшылары заңсыз автотұрақ мәселесін бақылауды күшейту үшін кешенді шаралар қабылдады. Негізгі мақсат – тек құқықбұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауына жауапкершілік қалыптастыру.

Полицейлердің айтуынша, жолдағы тәртіп әрбір жүргізушінің мәдениетінен бастау алады. Тұрақ ережелерін бұзу – көлік қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, апатты жағдай туындатуы және тұрғындардың күнделікті өміріне қолайсыздық әкелуі мүмкін.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Полиция қызметкерлері жолдағы тәртіп пен профилактика барлық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты кепіл екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру