Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда жалған террорист тұрғындардан кешірім сұрады

Талдықорғанда бомба туралы жалған ақпарат берген ер адам тұрғындардан кешірім сұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама берді деген күдікпен ұсталған Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны бейнеөтініш жазды. Ер адам өзінің өкінетінін мәлімдеді және қала тұрғындарынан ақымақ әзілі үшін кешірім сұрады, енді ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

– Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары, мен орынсыз әрекетім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Мас болып, бомба туралы хабарлауға шешім қабылдадым. Мас күйімдегі әрекетім үшін заң алдында жауап беруім керек. Кешіріңіздер, бұл енді қайталанбайды, – деді ұсталған ер адам.

Еске сала кетейік, 16 тамызда Талдықорғандағы 102 дабыл желісіне облыстық полиция ғимаратына салынған жарылғыш зат туралы хабарлама келіп түскен. Дабыл бойынша әрекет еткен саперлер, кинологтар және әртүрлі мамандар барлық бөлмелерді, сонымен қатар жақын орналасқан аумақтың барлығын тексерді. Хабарлама жалған болып шықты.

Осы аралықта жедел бөлімшелердің қызметкерлері тез арада жалған террористті анықтап, ұстап, оны қалалық полицияға жеткізді.

Полицейлер жалған терроризммен сотталатын адамдар ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кінәлі тұлғаларға ірі көлемде ақшалай айыппұл, шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру