Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда жолдарды тексеру жұмыстары жүргізілуде

Талдықорғанда жолдарды тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қалалық полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы тобы, қалалық прокуратура және жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Тексеру барысында облыс орталығының жолдарында 61 кемшілік анықталып, тиісті мекемелерге нұсқамалар жолданды. Сонымен қатар жолдарды күтіп-ұстау талаптарын орындамағаны үшін 14 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандар жол инфрақұрылымының жағдайын бақылау әрі жақсарту жұмыстарын жалғастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында тексеру жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру