Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда зират қоршауларын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Талдықорғанда зират қоршауларын ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция қызметкерлері үш зират аумағындағы қоршауларды ұрлады деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстады. Әзірге олардың Шайқорған саяжайының, Еңбек ауылының және әуежай маңындағы үш зираттың шойын қоршауларын ұрлауға қатысы бар екені анықталды.

Белгілі болғандай, олар ұрлап әкеткен шойынды облыс орталығының металл сынықтарын қабылдау пункттеріне тапсырған, ұрланған қоршаулардың бір бөлігі сол жерден табылды. Ұсталғандардың бірі бұрындары қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру