Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық полицейлер ессіз қарақшыны ұстады

Талдықорғандық полицейлер психиатрдың есебінде тұрған науқас жасаған қарақшылық қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласы ПБ кезекші бөліміне көп қабатты үйдегі пәтерлердің біріне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігінің  4-тармағы (Тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған қарақшылық) бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жедел жеткен Шығыс ҚПБ жедел уәкілдері жәбірленуші мен оның әпкесі көрсеткен белгілерге назар аудара отырып, 3 сағат ішінде көрші аулалардың бірінен облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын  ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында күдіктінің «шизофрения» диагнозы бойынша психиатрда есепте тұратыны белгілі болды.

Оның ашық қалған есікті пайдаланып, екінші қабаттағы пәтерге кіріп, үстелден ас үй пышағын алғаны және ұйықтап жатқан 24 жастағы тұрғынға бет пен бас аймағына пышақ жарақатын салғаны анықталды.

Көрші бөлмедегі дауысқа жүгіріп шыққан зардап шегушінің әпкесіне күдікті оны Құдай жібергенін және оған тиіспейтіндігін айтып, ұялы телефон мен қуаттағыш құрылғыны алып оқиға орнынан бой тасалаған.

Қоғамға қауіп төндіретін күдіктіні сот «қамауға алу» түріндегі  бұлтартпау шарасын қолдана отырып, оны қоғамнан оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру