Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық жігіт зейнеткерге пышақ ала жүгірген

Талдықорғандық жігіт зейнеткерге пышақ ала жүгірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласының полицейлері зейнеткерді пышақтады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, қамауға алды.

21 тамызда 64 жастағы ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен түскен. Жараланған азамат жеке меншік секторынан ауруханаға жеткізілгендігі белгілі болды. Жәбірленуші масаңдау халде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қалалық полицияның жедел уәкілдері пышақ ала жүгірген күдіктіні анықтап, ұстады.

– Күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты, ол өтіп бара жатқан адаммен ұрыс-керіс бастап, ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған. Яғни, екеуі бірін-бірі танымайды, тек бірі екіншісіне ескерту ғана жасаған, – деді Талдықорған қалалық ПБ.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру