Талдықорғанның орталық базарында полиция мен ветеринарлық қызмет ет өнімдерін бақылаудан өткізді
Талдықорғанның орталық базарында полиция мен ветеринарлық қызмет ет өнімдерін бақылаудан өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласының орталық базарында полиция қызметкерлері ветеринарлық қызмет мамандарымен бірлесіп, ет өнімдерін сатушылар арасында профилактикалық іс-шара жүргізді.
Тексерістің негізгі мақсаты – өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, сондай-ақ ұрланған малдан алынған еттің саудаға түсуіне жол бермеу болды. Мамандар еттің санитарлық және ветеринарлық талаптарға сәйкестігін мұқият тексерді.
Іс-шара барысында малды тасымалдау ережелерін бұзудың 25 дерегі анықталды. Ереже бұзушыларға анықталған кемшіліктерді жою бойынша нұсқамалар мен ұсыныстар берілді.
Құқық қорғау органдары тұрғындарға келесі кеңестерді ұсынады:
- ет өнімдерін тек сенімді сатушылардан сатып алыңыздар;
- өнімге арналған ветеринарлық анықтамалар мен сертификаттардың болуын қадағалаңыздар;
- өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіздер.
Сапалы әрі қауіпсіз өнімді таңдаңыздар!