Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғарда патрульдік экипаж жоғалған 5 жасар қызды тапты

Талғарда патрульдік экипаж жоғалған бес жасар қызды тауып, жақындарымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданының патрульдік жасағы 30 минут ішінде жоғалған бес жасар қызды жақындарымен табыстырды.

Сағат 13.45 шамасында Талғар ауданы Бесағаш ауылының 51 жастағы тұрғыны бес жасар баланың үш сағат бойы жоғалып кеткені және болмағандығы туралы патрульдік полицейлерге жүгінген. Талғар АПБ Бүркіт 226 ЖПҚ патрульдік полиция ротасының экипажы полицей Әлкен Бижанов пен Ұлан Нұртай 30 минут ішінде үйден бірнеше шақырым жерде жоғалып кеткен балақайды белгілері бойынша тауып, ата-анасына табыстады. Қатты қуанған әйел көмекке мұқтаж сәтте жедел қызмет еткен тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру