Танысын алдап кеткен түркістандық әйелге қатысты тергеу жүргізілуде
Түркістан облысының полицейлері ауруханаға жұмысқа тұрғызып беремін деп, тұрғынды алдап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтықтың құрбаны болғанын хабарлаған. Сонымен, жәбірленуші ауруханаға жұмысқа орналастырып беремін деген алаяққа 150 мың теңге ақша бергенін айтып, арызданды. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмыста, төленген ақша да жоқ болған. Аталған жайттар СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті ретінде жергілікті тұрғын әйелді ұстады. Белгілі болғандайдай, күдікті әйел жергілікті тұрғынды ауруханаға «акушер» маманы етіп жұмысқа орналастырып беремін деп уәде етіп, ақшасын алып, жоқ болып кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 150 мың теңге болды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын толық тексеріп, күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни, жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз алаяқтықтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.