Танысына сенген Қызылорда тұрғыны ақшасынан айырылып қалды
Танысына сенген Қызылорда тұрғыны ақшасынан айырылып қалды – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, алаяққа алданғанын айтқан.
Жәбірленуші азаматтың айтуы бойынша, оның танысы үш жыл мерзімге айырылған жүргізуші куәлігін алып беретіндігін айтып, 80 мың теңгесін алдап алған. Алайда бір жылдан астам уақыт өтсе де ол азамат жүргізуші куәлігін де, берген ақшасын да ала алмаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, күдіктінің жеке басы анықталды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу туралы шешім қабылданған.