Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының атынан несие алған арыстық тұрғын ұсталды

Арыс полицейлері танысының атына заңсыз несие рәсімдеп алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Әйел адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 500 мың теңге несие рәсімдеген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, құрығына түсірген күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижелі іздестіру барысында жергілікті тұрғын, алаяқ әйел полицияға жеткізілді.

Белгілі болғандай, жәбірленуші күдіктінің мемлекеттен берілетін атаулы әлеуметтік көмек шығарып беремін деген жалған сөзіне сеніп, алдын ала 50 мың теңге мен құжаттарын берген. Ал танысы оның құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеп алған. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру