Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының үйіне қонаққа келіп, заттарын жымқырып кеткен қызылордалық ұсталды

Танысының үйіне қонаққа келіп, заттарын жымқырып кеткен қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілде күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Оның айтуы бойынша, 6 шілде күні түнде қонаққа келген танысы қол сөмкенің ішінен «Smart» сағатын, құлаққап, құжаттар мен банк карталарын және үш ұялы телефондарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 300 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен жас жігітті ұстады. Күдікті ұрланған заттарды иесіне қайтарып, өз кінәсін толықтай мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру