Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тар қапаста туған туынды: 70 жастағы сотталған Абайдың портретін салды

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты  №29 мекемесінде ерекше оқиға болды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 70 жастағы сотталған ұлы ақынның портретін салып, оны мұражай қорына сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автор бұл туындыны Абай мұрасына деген шексіз құрметінің белгісі ретінде бейнелегенін айтып, ақын шығармашылығының өзіне әрдайым шабыт бергенін атап өтті.

— Абайдың дана сөздері мені рухани тірекке жетеледі. Бұл портрет — менің жүректен шыққан алғысым мен бас иіп тағзым етуім, — дейді ол.

Суретпен жұмыс істеу барысында автор өмірлік құндылықтарды қайта саралап, терең ойға шомғанын жасырмады.

Бұл оқиға мекеме ұжымы үшін де айрықша мәнге ие болды.

— Адам қандай жағдайда болса да рухани өсуге қабілетті. Өнер — ішкі өзгерістің, тұлғалық қалыптасудың қайнар көзі. Бұл жай ғана сурет емес, бұл — өткен мен болашақты жалғайтын мәдени көпір, — деп атап өтті мекеме бастығы Қуат Араонов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру