Тараз полицейлері қалта ұрлығын ашты
Тараз полицейлері қалта ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулікте полицияға 34 жастағы әйел белгісіз адам маршруттық автобустардың бірінде оның Sаmsung s10+ ұялы телефонын күртешенің қалтасынан жасырын ұрлап кеткені туралы арызданған.
Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған күдікті «ізін суытпай» ұсталды.
Ол осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған 20 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
Қалта ұрысы өз құрбандарын адамдары көп автобустардан немесе өз көліктерін күтіп тұрған аялдамалардағы адамдардан іздеген. Қаскүнем автобустағы қалың сығылысып тұрған адамдардың арасына кіреді және сол кезде қала тұрғындарының әмияндары мен ұялы телефондарын ұрлаған. Ұсталған азамат қалта ұрлығын жасағанын толық мойындады. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленді.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.