Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз полицейлері заңсыз көлік тұрақтарына қарсы күресті күшейтуде

Тараз полицейлері заңсыз көлік тұрақтарына қарсы күресті күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілде күні Тараз қаласында “Заңсыз көлік тұрағы” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, оған облыс орталығының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен эвакуатор қатысты. Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция қызметкерлері көлік көп жүретін жол учаскелеріне, оның ішінде Бауыржан Момышұлы көшесіндегі “Қайқармет” базарының және “Диана” сауда орталығының жанында, Қазыбек би көшесінің бойындағы “Центральный” гастрономының алдындағы жол учаскелеріне назар аударды.

– Қала тұрғындары көбінесе әлеуметтік желілерде осы учаскелерде заңсыз қойылған көліктің салдарынан көлік кептелісі мен жолдың тар болуына шағымданады, – деп атап өтті Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.

Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлері көп қабатты үйлердің аулаларындағы гүлзарларға, балалар мен спорт алаңдарына, басқа да инфрақұрылым нысандарына көліктерді заңсыз қою деректерін тексерді. Нәтижесінде, бір тәулік ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы “Автокөлік құралдарын тоқтату немесе тұру ережелерін бұзу” бойынша 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, ағымдағы жылдың алты айында аталған бап бойынша облыста 514 бұзушылық анықталды. “Заңсыз көлік тұрағы” жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.