Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз қаласының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

Жамбыл облысының Полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, алаяқтықтан зардап шеккен қызының ұялы телефонын иемденген күдіктіні тез ұстаған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 19 жастағы қыз жүгініп, облыс орталығындағы кинотеатрлардың бірінде бейтаныс жігіттің шұғыл қоңырау шалу қажет екендігін айтып, өтінген соң телефонын уақытша бергенін айтқан. Алайда ол қыздың бағасы 70 000 теңге тұратын «Ѕамѕung Galaxy А10» смартфонын алып, қашып кеткен.

Тараз қаласының ПБ №1 ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері осы қылмысты жасаған Тұрар Рысқұлов ауылының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, ол өз кінәсін толық мойындады.

Ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру