Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны әріптесінің ақшасын заңсыз иемденіп алған

Тараз тұрғыны әріптесінің телефонын қоңырау шалуға алып, ақшасын аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық полиция басқармасының екінші полиция бөліміне әйел азаматша жүгініп, әріптесі қоңырау шалу үшін телефонын алдап сұрап алып, оның қаражатын өз шотына аударып алғанын айтып шағымданған.

Әйел телефонын қайтарып алған соң біршама уақыттан кейін сатып алу ақысын төлеу үшін банктің қосымшасына кіргенде жеке шотындағы 330 000 теңге жоғалғанын байқаған.

Әріптес азаматтың ақшаны өз атына аударғаны белгілі болды. Ұрлық дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Күдікті анықталып, қазіргі таңда қажетті тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру