Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 2-полиция бөлімінің бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды

Таразда 2-полиция бөлімінің бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин ҚР ІІМ алқасының кеңейтілген отырысынан кейін ҚР Президенті мен ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеке құрамға жеткізу мақсатында қалалық және аудандық полиция бөлімдерімен кездесулер өткізуде.

Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша есеп тыңдалды.

Ведомстволық бағынысты аумақта қылмыс 29%-ға азайып, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеген. Есепті тыңдап, ПД бастығы маңызды мәселелерге назар аударып, бөлімнің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Негізгі бағдарлар – ҚР ІІМ алқасында айтылған міндеттер және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдама. Атап айтқанда, жаяу патрульдердің тығыздығын, қоғамдық көмекшілердің санын арттыру, табиғи өрттердің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды.

– Тұжырымдама халықпен сындарлы әріптестік орнатуға бағытталған. Сіздер азаматтардың өтініштеріне қалай қарайсыздар, полицияға деген сондай көзқарас қалыптасады. Мұның бәрі әрбір жеке қызметкердің жауапкершілігіне байланысты. Учаскелік полиция инспекторы халықпен тығыз жұмыс жасаудағы негізгі бейне болып қала береді. Есепте тұрған тұлғаларды мекенжайлары бойынша тексеру және жергілікті орындарда бақылауды күшейту үшін оларды өздеріне тән емес міндеттерден босату керек, – деді ПД бастығы.

Тағы бір маңызды бағыт – тергеу жұмысының тиімділігін арттыру. Арманбек Баймурзин тұрғындардың қылмыстық істерді сапасыз тергеуге жиі шағымданатынын және қолданыстағы тәжірибеге  өзгерістер енгізу қажет екенін атап өтті. 

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға қатысты ҚР ІІМ басшысы атап өткендей, біз қазір оның салдарымен ғана күресудеміз. Тараз қаласы полиция басқармасының 2-полиция бөлімі облыс орталығының халық тығыз қоныстанған аудандарындағы қауіпсіздікке, атап айтқанда, қаланың Қант заводы, темір жол маңындағы шалғай жатқан аумақтарына жауап береді. Синтетикалық есірткі айналымын бақылауды күшейту керек, таратушылардан ұйымдастырушыларға шығу керек. Сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, адам саудасы, вейптерге тыйым салу саласындағы заңнамалық түзетулерді ескере отырып жұмыстар жүргізілуі қажет. Барлық негізгі бағыттар бойынша заңнамалық қолдау қамтамасыз етілді. Сіздерге тек өз міндеттеріңізді адал орындау ғана қалып отыр, – деді Арманбек Баймурзин. 

Ол «Таза Қазақстан» акциясын іске асыру нәтижелеріне жеке тоқталды. Көгалдандыру ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмысты күшейту міндеті қойылды. 

Жол-көлік оқиғаларына қарсы күресте стандартты емес тәсілді енгізу тапсырылды. 

– Жыл басынан бері 87 адам қаза тапты. Ересектердің жауапсыздығынан жазықсыз балалар зардап шегуде. Сіз бір бұзушылықтың жолын кесіп,  жақындарыңыздың, таныстарыңыздың өмірін сақтап қалуыңыз бек мүмкін. Осыны әрдайым жадыларыңызда  ұстап жүріңіздер, – деді қызметкерлерге ПД бастығы.  

Сондай-ақ интернет-алаяқтық бойынша ауқымды ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, заңсыз мигранттарды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу тапсырылды.

– 2024 жыл ҚР ІІМ кадрлар сапасын жақсарту жылы болып жарияланды. Полиция қызметкері бағдарлы көреген болуы керек. Бізге «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Сіз өзіңізден бастауыңыз керек. Сыбайлас жемқорлық деректерінің жолы қатаң түрде кесіледі. Егер, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы білсеңіз, маған шұғыл хабарласыңыз және сіздің құпиялығыңыз сақталады. Ертеңгі күні пара алушының жеке ісінде оның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін қызметінен босатылғаны туралы көрсетіледі. Жақын адамдарыңызды уайымға салмаңыздар және ең бастысы офицердің абыройы бәрінен жоғары екенін ұмытпаңыздар, – деп сөзін қорытындылады ПД бастығы А. Баймурзин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру