Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 4 миллион теңгенің тұрмыстық заттарын ұрлаған күдікті ұсталды

Таразда 4 миллион теңгенің тұрмыстық заттарын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қазан Тараз қалалық полиция басқармасының 1-полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны үйінен тұрмыстық заттарының ұрланғандығы туралы хабарлады. Өз шағымында ол үйінде құрылыс жұмыстарының жүргізілгендігіне байланысты ешкім тұрмайтынын және Қытай, Өзбекстан, Түркия Республикаларына барып, арнайы сатып алған бағалы заттарының үйден ұрланғанын айтты. Жалпы 4 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 44 жастағы көрші мемлекеттің азаматы анықталып, ұсталды.

Ұсталған азамат үйде ешкім тұрмайтынын байқап, одан кейін заттарды ГАЗель көлігіне салып алып кеткендiгiн көрсетті.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру