Таразда «Адам саудасына байланысты қылмыстар» тақырыбында жиын өтті
Таразда «Адам саудасына байланысты қылмыстар» тақырыбында жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Т.Оразымбетовтің төрағалығымен Жамбыл облысы прокуратурасы, Білім басқармасы, Жамбыл облысы бойынша еңбек инспекциясы, Әділет департаментінің өкілдерімен және КПБ, Тергеу, Анықтау, Көші-қон, әйелдер мен балаларды зорлық зомбылықтан қорғау басқармаларының қызметкерлерімен «Адам саудасына байланысты қылмыстар» тақырыбында отырыс өткізілді. Жамбыл облысының Полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствалық бұйрықтарына және 29 қазан 2018 жылы облыс әкімдігінің қаулысымен 2018-2020 жылдарға арналған жоспардың тармақтарына сәйкес кешенді жұмыстар, оның ішінде «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.
Соңғы соңғы жыл ішінде – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116, 125, 126, 128, 134 және 309-баптарында көзделген қылмыстар бойынша бірқатар адам саудасы, еңбек күшін пайдалану, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, адам ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру деректері бойынша қылмыстық істер тергеліп, заңды шешімін тапқан.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс аумағында «адам саудасы» және «адамдарды қанауға» байланысты қылмыстарды анықтауға және ашуға бағытталған «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Аталған іс-шаралар шеңберінде Жамбыл облысына қарасты «Қарасу» өткізу бекетінде адам саудасына қарсы күрес бойынша «116 – 16» сенім телефондарының логотипі бар медициналық бетперделер және ақпараттық кітапшалар таратылған акция ұйымдастырылып өткізілді.
Алдағы уақытта адам саудасына байланысты қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, кешенді жоспар құрып, осы бағытта жұмыстар атқару қажет екендігін атап өтті.