Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда антитеррористік оқу-жаттығулары өтті

Тараз қаласында «Қараша-Антитеррор-2021» антитеррористік оқу-жаттығулары өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қараша сағат 10:00 мен 15.00 аралығында Жамбыл облыстық Терроризммен күрес бойынша жедел штабы ҚР ТҚО аясында Тараз қаласы 3 нысан шартты террорлық актіні болдырмау және оның салдарын жою бойынша «Қараша-Антитеррор-2021» антитеррористік оқу-жаттығулары өтті.

Шара штаб күші мен құралдарының террористік белсенділікке шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын азайту және жою амалдарының практикалық дағдыларын пысықтау мақсатында өтті.

Антитеррорлық оқулар түрлі күрделілік деңгейлерін қолдана отырып, ұрыс жағдайына барынша сәйкестендірілген. Оған жеке құрам мен арнайы техникалар тартылды. Оқу-жаттығу Тараз қаласының ІІБ, «Сафари» аңшылық дүкені және Тараз қаласының №3 мектеп-лицейі учаскелерінде өткізілді. Аталған нысандар орналасқан көшелерде жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Осы орайда, тұрғындарды өткізілген оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру