Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ардагерлер форумы өтті

Таразда ардагерлер форумы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласындағы Достық үйінде "Заң мен тәртіп – Әділ қоғам" атты облыстық ардагерлер форумы өтті. Іс-шараны "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырды.

https://youtube.com/shorts/zmClx5PT4Jg?si=X888UkJe4tuAtV1uФорум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, сондай-ақ дін өкілдері, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.

Басқосуда қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ақсақалдар кеңесінің қоғамдағы рөлін арттыру және құқықтық мәдениетті көтеру мәселелері талқыланды.

Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев өз сөзінде:

- Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік іргетасы. Қоғамның тұрақтылығы тек полиция қызметіне ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Ақсақалдармен тығыз ынтымақтастық – жастарға тәрбие берудің және құқықбұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолы, – деп атап өтті.

Форум барысында әр ауданда ақсақалдар кеңесін құру, оларды қылмыстың алдын алу мен жастар тәрбиесіне белсенді тарту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында қатысушылар қоғам тұрақтылығы мен әділеттілікті қамтамасыз ету жолында бірлесе жұмыс істеуге ниеттестігін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру