Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды, - деп забарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы аумағында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның барысында полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қаладағы арықтардың бірінен қапқа оралған арнайы құралдар мен тегіс саңылаулы "Эскорт" атыс қаруы табылды.

Аталған қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тараз қаласы Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру