Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Range Rover автокөлігін көлік жуу орнының қызметкері ұрлап кеткендігі туралы хабарламамен «102» тетігіне 38 жастағы автокөлік иесі жүгінді.

Мас күйдегі көлік жуушы күзетшіден автокөлік кілттерін алаяқтық жолмен иемденіп, қала ішінде серуендеуге шешім қабылдап, көп ұзамай Алматы қаласына қарай бағыт алған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігімен (Айдап кету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық полиция бөлімдеріне көлік құралының деректері көрсетілген бағдарлар жіберілді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 315-шақырымында патрульдеу жүргізіп жүрген ПД ППБ 2-взводының қызметкерлері аталған автокөлікті байқап, оны тоқтату шараларын қабылдаған.

Полиция инспекторлары Қостанай облысының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Оның осындай қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру