Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда балалар арасында “Есірткіге қарсы би» фестивалі өтті

Таразда нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында “Есірткіге қарсы би» ұранымен би фестивалі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауқымды іс-шараны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Оқушылар сарайының әкімшілігімен және «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Оқушылар сарайының оқушыларынан 13 команда ұлттық, эстрадалық, заманауи билер бойынша өнер көрсетті. Жарысты «Жас дәурен» балалар хореографиялық ансамблінің балетмейстері Салтанат Тоғжігітова, «Riverdance» спорттық бал би ансамблінің көркемдік жетекшісі Инна Шкильная, спорттық бал билері бойынша халықаралық деңгейдегі төреші, «ANGIL» би-спорт клубының жетекшісі Серж Аванесов сияқты беделді қазылар алқасы бағалады.

Бас жүлдені  «Bronx», «Energy girls» командалары жеңіп алды. Барлық командалар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Фестиваль үлкен би тартысымен аяқталды, оған барлық ниет білдіргендердің барлығы қатысты.

– Барлық командалар жарқын және есте қаларлық шоу көрсетті. Болашақта да осындай ауқымды іс-шаралар өткізетін боламыз. Біздің мақсатымыз – белсенді және салауатты өмір салты жаман әдеттерге ең жақсы тойтарыс болатынын жеткізу, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру