Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда бөтеннің көлігін ұрлап, ЖКО жасаған ер адам қамауға алынды

Таразда бөтеннің көлігін айдап әкетіп, ЖКО жасаған ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» пультіне облыс орталығының тұрғынынан белгісіз тұлға үйдің ауласына қойылған Hyundai маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түскен.

Қала аумағында автокөлік ұрысын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.

Іс-шара барысында Тараз қалалық ПБ Жедел басқару орталығының операторлары автокөліктің орналасқан жерін анықтады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрыны ұстау бойынша шаралар қабылдады.

38 жастағы күдікті қала сыртына шығу үшін қуғыннан қашуға тырысып, жоғары жылдамдықпен жүріп, көлікті басқара алмай, Астана мөлтек ауданындағы аулалардың бірінде балалар ойын алаңына соқтығысқан.

Көлікті тастап, ол оқиға орнынан бойтасалауға тырысқан. Тәртіп сақшылары күдіктіні «ізін суытпай» ұстап, полицияға жеткізді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру