Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда есепте тұрған азаматтар тарихи-өлкетану музейіне барды

Таразда есепте тұрған азаматтар тарихи-өлкетану музейіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Тараз қалалық пробация бөлімінің қызметкерлері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейіне апарды.

Бұл іс-шара Тараз қалалық пробация бөлімінің, қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, сондай-ақ жұмыспен қамту орталығының бірлескен кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

– Шараға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қалалық №1,2,3 пробация бөлімінің есебінде тұрған 20-ға жуық азамат қатысты. Мұндағы негізгі мақсат – сотталғандардың қоғамға тезірек бейімделуіне ықпал ету, әрі оларды туған жердің тарихын танып-білуге жағдай жасау, – дейді Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы Қуаныш Калык.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру