Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда кафе, барлар мен дүкендерге бақылау күшейді: мобильдік топтар құрылды

Таразда полиция қызметкерлері кафе, барларда қор-қор пайдаланудың, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүруінің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер сатудың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік жауапкершілікке мекеме иелерімен қатар, сондай-ақ олардың қонақтары да тартылатын болады. Келушілерден тамақ пен сусындармен бірге кальяндарға тапсырыс берген төлем шоттары тәркіленетін болады.

Полицейлер салған айыппұлдар ойын-сауық иелерін қорқытпайды, мұндай рейдтерден кейін олар біраз уақытқа дейін «тынышталады», содан кейін қайтадан сата бастайды. Сондықтан полицейлерге мобильдік топтар құруға тура келді.

– Арақ-шарап, темекі өнімдерін ересектер ғана емес, өкінішке орай, жастар да өте жиі қолданады. Ол адамдардың денсаулығына келтіретін қауіптен бөлек, соңы қылмыс жасауға, тіпті қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Бұл мәселеде кәсіп иелерімен бірге ата-аналар да өз жауапкершіліктерін түсінуі қажет, – дейді мобильдік топ құрамындағы полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру