Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды

Таразда мас күйде көлік жүргізгендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте Тараз қалалық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен аумақты тексеру жұмыстары барысында қозғалыстары күдікті екі көлік тоқтатылды. Ереже бұзған 26 және 28 жастағы жүргізушілердiң медициналық сараптама қортындысына сәйкес, iшiмдiк iшкенi расталды.

Автокөлік иелері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жамбыл облысы Полиция департаментiмен заңнама талаптарына қатысты қатаң шараларға қарамастан, тараздық көлік жүргізушілер мас күйінде жолға шығуды тоқтатпай тұр. Жол ережесіне деген немқұрайлылық пен жауапсыздық – жүргізушілер мен барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірiне қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру