Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда полицейлер құжаттары өртенген көпбалалы аналарға көмектесуде

Таразда полицейлер құжаттары өртенген көпбалалы аналарға көмектесуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері учаскелік инспекторлар мен қоғамдық көмекшілердің қатысуымен, заң мен тәртіп қағидаты аясында қала аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтау бойынша іс-шаралар өткізуде.

Тексеру барысында Тараз қаласында тұрып жатқан 33, 42 және 41 жастағы үш азаматша анықталды. Олардың барлығы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отыр және түрлі отбасылық жағдайларға байланысты уақтылы құжаттарын рәсімдей алмаған. Екі жағдайда құжаттардың жоғалу себебі тұрғын үйлерде болған өрт оқиғаларына байланысты болған.

Полиция қызметкерлерімен аталған азаматшалардың құжаттарын заңдастыру рәсімі басталды.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес құжаттарды заңдастыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру