Таразда полицейлер сотталғандар арасындағы есірткі қылмысының алдын алу жұмыстарын күшейтті
Таразда полицейлер сотталғандар арасындағы есірткі қылмысының алдын алу жұмыстарын күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №59 мекемесінде профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараға жазасын өтеп жатқан сотталғандар, сондай-ақ босатуға дайындалып жатқан азаматтар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты - есірткі қылмыстарынан түбегейлі бас тартуды қалыптастыру, құқықтық сана деңгейін арттыру және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қайта құқық бұзушылық жасаудың алдын алу.
Кездесуде сотталған азаматтардың өмірлік ұстанымдарын өзгертуге ынталандыруға және салауатты, заңға бағынатын өмір салтына ұмтылуды әдетке айналдыруға ерекше назар аударылды.
Сондай- ақ кездесу аясында қатысушылардың алдында бұрын сотты болған азамат сөз сөйлеп, қазіргі уақытта есірткіге қарсы бастамалар саласында волонтерлік қызметпен белсенді айналысатынын айтты.
Оның жеке өмір тәжірибесі әр адамның жаңа өмір бастауға және дұрыс жолға түсуге қабілетті екендігінің айқын көрінісі болды.
Ашық диалогтың мұндай форматы сенімді қарым-қатынасқа, құқықтық білімді нығайтуға және сотталғандар арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Іс-шара барысында есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қайта әлеуметтендіру және қоғамдағы толыққанды өмірге оралу мәселелері талқыланды.
Сотталғандар арасындағы профилактикалық жұмыс ішкі істер органдары қызметінің есірткі қылмысына қарсы күрестегі маңызды бағыты болып табылады. Мұндай кездесулерді өңірдің қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.