Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда "Спорт есірткіге қарсы" ұранымен шағын футболдан турнир өтті

Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Баста мақсаты - жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болды.

Турнирге арнайы білім беретін колледждер, жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдарының командалары жеңіске жету үшін бақ сынасты. Жарысқа қатысушылар керемет ойын техникасын, стратегиялық ойлауды және командалық ойындағы күшті әдіс-тәсілдерді көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды "Баймаш ата" командасы, 2-орынды "Тараз-Ғасыр" колледжі, 3-орынды Тараз политехникалық колледжі жеңіп алды. Турнирдің үздік ойыншысы атағын Әділет Оңалбеков, үздік қақпашы — Кенесары Қайратұлы, үздік қорғаушы атағын Еділ Алтынбек иеленді.

Жүлдегерлер мен үздік ойыншылар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

⁃ Мұндай турнирлер - жай ғана спорттық жарыс емес, ол жастарды жайлы әлеуметтік ортаға тарту, сергектік пен денсаулыққа жол ашу, тұрақты өмірлік құндылықтарды қалыптастыру және күштің, ептілік секілді қасиеттердің адам өміріне өте қажеттігін көрсете отырып, алға жылжу қажет екенін көрсету тәсілі, - деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру