Таразда темір құбыр ұрлаған күдікті ұсталды
Таразда темір құбыр ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының Полиция басқармасына 46 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Әйел 3-6 желтоқсан аралығында белгісіз тұлға үйінің жанында орналасқан 15 темір құбырды жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген залалдың көлемі 200 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.