Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда тіс емханасынан ұрлық жасаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды

Таразда тіс емханасынан ұрлық жасаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Тараз қаласындағы тіс емханаларының бірінде жасалған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды.

Оның тіс емханасының ішіндегі кассадан 455 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру