Таразда түн ішінде тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды
Таразда түн ішінде тұрғынды тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының полициясына 40 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, түнде шамамен сағат 04.30-да шағын аудандардың бірінде белгісіз адам күш қолданып, спорттық велосипедін ашық ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткенін айтты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тараз қаласының бейнебақылау операторларының жедел іс-әрекетінің нәтижесінде, іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен күдікті “ізін суытпай” ұсталды.
Ұсталған ер адамның түрі жәбірленушімен танылып, заттай дәлел тәркіленді.