Таразда тұрғынның алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды
Таразда тұрғынның алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның “102” арнасына Тараз қаласының тұрғыны үйінен алтын заттарының және ақшасының ұрланғанын хабарлады. Белгісіз адам оның үйіне жатын бөлменің терезесі арқылы кіріп, 129 мың теңге ақшасын және түрлі алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге жалпы көлемі 1 млн 114 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 30 жастағы қала тұрғыны анықтап, ұсталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.